Меню KDT

Название страницы

Бақылау түрі: өзін-өзі бағалау Өзін – өзі бағалау жүргізуге негіздеме: «2023 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізімін бекіту туралы» 2022 жылғы 09 қарашадағы №329 бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының 2023 жылғы 6 қаңтардағы бекіткен №4 бұйрығы Өзін – өзі бағалау жүргізу кезінде қолданылған нормативтік құжаттар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2021 жылғы 3 тамыздағы №634 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық», Қазақстан Республикасы Оқуағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы "Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы" №486 бұйрығын, Қазақстан Республикасы Оқуағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы «Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» №12 бұйрығы. Өзін-өзі бағалауды бөбекжай басшысының 2023 жылғы «31» наурыз №29 бұйрығымен бекітілген аттестаттау комиссиясымен келесі құрамда (бұдан әрі –комиссия) өткізді: 1) Айгалиева Л.А. – бөбекжай меңгерушісі, комиссия төрайымы, өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру және жалпы басшылық, «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – Бағалау өлшемшарттары) Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 бұйрығының 1 параграф 9 тараудың 1,2,3 тармақшасына мәліметтер мен құжаттарды дайындау. 2) Хисметова А.С. – әдіскер, комиссия мүшесі, Бағалау өлшемшарттарының 1- параграф 10 тараудың 1 тармақшасына, 11 тараудың 1,2 тармақшасына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды дайындау. 3) Сакпаева Г.С. – тәрбиеші, комиссия мүшесі, Бағалау өлшемшарттарының 1- параграф 9 тараудың 4 тармақшасына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды дайындау. 4) Темирболатова А.Б. – тәрбиеші, комиссия мүшесі, Бағалау өлшемшарттарының 1-параграф 9 тараудың 5 тармақшасына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды дайындау. 5) Тайпанова М.О. – тәрбиеші, комиссия мүшесі, Бағалау өлшемшарттарының 1-параграф 9 тараудың 6 тармақшасына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды дайындау. «Балдырған» бөбекжайының өзін-өзі бағалау комиссиясы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы "Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы" №486 бұйрығын, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы «Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» №12 бұйрығын басшылыққа алып зерделеудің негізгі бағыттары мен обьектілерін толық қамтып, 2023 жылдың 3 сәуірі мен 28 сәуірі аралығында 2020-2021, 2021-2022 оқу жылдары мен 2022-2023 ағымдағы оқу жылының 8 айының жұмыс бағыттары мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарының орындалуына нақты талдау жасады. 1.Білім беру ұйымы туралы жалпы мәлімет. 1.1. Білім беру ұйымының толық атауы: Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны. 1.2. Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды және нақты орналасқан мекен-жайы): Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Аңқаты ауылы, Алаш көшесі, 2 үй. 1.3. Заңды тұлғаның байланыс деректері: жұмыс телефоны 8-(71143)-93-1-65, эл. пошта: baldyrgan.ankata@mail.ru web-сайт: https://sad-baldirgan.terekti.bkogov.kz// Facebook:https://www.facebook.com/profile.php?id=100083733139757&mibextid=ZbW KwL Instagram: https://instagram.com/baldyrgan.ankata?igshid=ZDdkNTZiNTM 1.4. Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері: Бөбекжай меңгерушісі Айгалиева Ляззат аманжоловна, лауазымға тағайындалған уақыты: Теректі ауданының білім беру бөлімінің 2017 жыл 20 наурыздағы №18 бұйрығы. Қайта тағайындау туралы Теректі ауданы білім беру бөлімінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы №32 бұйрығы.(Заңды тұлға туралы құжаттар көшірмелері қоса ұсынылды).Ұялы телефоны: 8 777 861 66 23 1.5. Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттар: «Балдырған» бөбекжайы» жарғысы Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2021 жылғы 6 қаңтардағы №7 бұйрығымен бекітілген, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Теректі аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінде 2021 жылы 13 қаңтарда тіркеуден өтті. Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеуден 13 қаңтар 2021 жылы өткен, БСН 000340004280. (Құжаттар көшірмелері қоса ұсынылды). 1.6. Рұқсат беру құжаттары: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлама №KZ65RVK00029193, берілген күні 26 қаңтар 2021ж. Хабарламаны берген ұйымның атауы: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ. (Құжаттар көшірмелері қоса ұсынылды). Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларын (бұдан әрі-Үлгілік қағидалар) сақтау. «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Балдырған» бөбекжайының Жарғысына сәйкес мектепке дейінгі ұйым түрі – бөбекжай. Тәрбиеленушілердің болу уақыты бойынша толық күн болу, бес күндік жұмыс аптасы, 10,5 сағат жұмыс кестесі және 3 мезгіл тамақтану ұйымдастырылады. Бөбекжай қызметінің мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың дене және психикалық денсаулығын сақтау және нығайту, оларды салауатты өмір салты құндылықтарына баулу, мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік және жеке дамуын қамтамасыз ету, олардың мүдделерін қанағаттандыру, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға баулу негізінде қабілеттерін дамыту, мектеп жасына дейінгі балалардың бастамашылығын, білімқұмарлығын, еріктілігін және шығармашылық өз ойын білдіру қабілетін дамыту, балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың білім беру бағдарламаларын игеруі үшін жағдай жасау, сапалы мектепалды даярлықты қамтамасыз ету, азаматтыққа, қазақстандық патриотизмге, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге, қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, ерекше білімді қажет ететін балалар үшін түзету жұмыстары бойынша жағдайлар жасау, баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара іс-қимыл жасау, метепке дейінгі жастағы балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға әдістемелік, диагностикалық және консультациялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Міндеттері: Үлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға, ғылымның жетістігі мен тәжірибеге негізделген мектепке дейінгі тұлғаның тәрбиесі мен білім беру бағдарламаларын игеруіне тиісті жағдай жасау, мектеп жасына дейінгі балаларда коммуникативтік, танымдық, шығармашылық біліктер мен дағдыларды, әлеуметтендіруді қалыптастыру мен дамыту, тәрбиелеу, білім беру процесіне қауіпсіз білім беру ортасын құру, тәрбиеленушілердің мектепте оқуына табысты дайындығы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді құру. 2. Кадрлық құрамға талдау «Балдырған» бөбекжайында Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларын сақтауға байланысты педагогтардың тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімінің бары туралы мәліметтер немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, оның ішінде базалық білімі жоқ педагогтер туралы мәліметтер бар. Оқу жылдары Педагогтар саны Жоғары білімі бар Меңгеруші, әдіскер, тәрбиешілер саны «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білімі бар 2020-2021 13 9/69% 8 8/100% 2021-2022 12 7/58% 8 8/100% 2022-2023 13 7/54% 8 8/100% 2020 – 2021 оқу жылы 13 педагог қызмет атқарды. Оның ішінде 9 педагогтың «мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білімі бар, 9 педагог жоғары білімді, 4 педагог арнаулы – орта білімді. Педагогтердің 2 - II санатты, 3 - I санатты, 1 - жоғары санатты, 7 - санатсыз (1 жас маман: логопед Ахметова К.С., декретте тәрбиеші Ниязова С.Е.) 2021 – 2022 оқу жылы 12 педагог қызмет атқарды. Оның ішінде 9 педагогтың «мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білімі бар, 7 педагог жоғары білімді, 5 педагог арнаулы – орта білімді. Педагогтердің 3 - II санатты, 1 - I санатты, 1 - жоғары санатты, 7 - санатсыз. (жас маман дене шынықтыру нұсқаушысы Ғабдығалиев О.Н.) 2022 – 2023 оқу жылы 13 педагог қызмет атқаруда. Оның 7 жоғары білімді, ал 6 арнаулы орта білімді. Соның ішінде 10 педагогтың «мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білімі бар. Педагогтердің 1- ұйымдастырушы-басшы (ағымдағы жылы сәуір айында портфолио қорғап, ПББ тестінен өтті), 3 педагог-модератор, 1 педагог-сарапшы, қалған 8 санатсыз. (Ғабдығалиев О.Н. жас маман, Сакпаева Г.С. педагогтың зейнет жасына 2 жыл қалды) Бөбекжайдың жылдық жоспарына сәйкес педагогтардың курс өтуі бақылануда. Оқу жылы Педагогтар саны Курстан өткендер саны Жас мамандар саны Декретте Өтпеген % 2020- 2021 13 11 1 1 1 92% 2021- 2022 12 10 1 0 1 92% 2022- 2023 13 11 1 2 1 92% («Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» 27.12.2022 жылғы №12 бұйрығының №2 қосымшасы бойынша 2020-2021, 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдарының педагог кадрлармен жасақталғандығы туралы мәліметтер бекітіліп, https://baldirgan.terekti.bkogov.kz сайтында жарияланды. 2020-2021, 2021-2022, 2022-2023 оқу жылындағы штаттық кесте, педагогтар кадрлардың сапалық құрамы туралы мәлімет, педгогтардың білімі туралы дипломдары, білім жетілдіру курстарынан өту сертификаттары, санат куәліктері, бұйрықтары қоса жалғанды) 3. Тәрбиеленушілер контингенті Тәрбие мен оқыту мерзіміне қойылатын талаптар. Балалардың жасын ескере отырып, жас топтарын қалыптастыру кезінде талаптарды сақтау. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына және мекеме Жарғысына сәйкес, әр жылда бала санына байланысты топтар жас ерекшелігі бір немесе жас ерекшелігі әртүрлі қағидасы бойынша топтар жасақталған. 2020-2021, 2021-2022, 2022-2023 (қыркүйек-сәуір) оқу жылдарында бөбекжайда 2 топ жасақталған, тәрбиеленушілерінің жас кезеңдері сақталған және топтар әртүрлі жастағы топтар принцип бойынша жасақталған. Топтар атауы Жас кезеңі Бала саны Ерекше білім беруді қажет ететін бала саны 2020-2021 оқу жылы басы 2020-2021 оқу жылы аяғы «Еркетай» аралас кіші, ортаңғы тобы 2 жастан бастап 7 21 7 12 1 3 жастан бастап 14 15 «Айгөлек» аралас ересек, мектепалды даярлық тобы 4 жастан бастап 12 13 12 13 5 жастан бастап 1 1 Топ атаулары Жас кезеңі Бала саны Ерекше білім беруді қажет ететін бала саны 2021-2022 оқу жылы басы 2021-2022 оқу жылы аяғы «Еркетай» кіші тобы 2 жастан бастап 14 14 15 15 0 «Айгөлек» аралас ортаңғы, ересек тобы 3 жастан бастап 10 24 9 24 4 жастан бастап 14 15 Топ атаулары Жас кезеңі Бала саны Ерекше білім беруді қажет ететін бала саны 2022-2023 оқу жылы басы 2022-2023 оқу жылы аяғы «Еркетай» аралас кіші, ортаңғы тобы 2 жас 15 20 14 19 3 жас 5 5 2 «Айгөлек» аралас ортаңғы, ересек, мектепалды тобы 3 жас 7 20 7 20 4 жас 12 12 5 жас 1 1 2020-2021, 2021-2022, 2022-2023 (қыркүйек-сәуір) оқу жылдарында бөбекжайдан шығарылып және қабылданған балалар саны: № Оқу жылдары Шығарылған бала саны Қабылданған бала саны Оқу жылындағы барлық бала саны 1 2020-2021 11 16 38 2 2021-2022 23 23 44 3 2022-2023 3 22 42 (Өлшемшарттардың 3-қосымшасына сәйкес жас топтары тізімдерінің көшірмелері қоса берілді).

Государственные символы

Послание призедента

Опрос

Статистика

  • Осы айда197
  • Осы аптада50
  • Кеше11
  • Бүгін2
  • Желіде:0

Полезные ссылки